ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Астана мен Алматыда егеуқұйрықтардың көбейіп кетуіне қатысты пікір білдірді.
Ведомство басшысы егеуқұйрықтардың шамадан тыс көбеюі уақытылы алынбаған көшелердегі қоқыстардың әсерінен болуы мүмкін деп болжайды. Сондықтан қоқысты уақытылы тазалап отыру үшін жаңа механизм ойластырылғанын айтады.
«Біз Астанада пилоттық режимде осындай жүйені сынақтан өткізіп жатырмыз: қоқыс контейнері толған кезде, ақпараттық жүйе арқылы сигнал беріледі, сол бойынша қоқыс шығарылады. Осылайша, қоқыстың, әсіресе тағам қалдықтарының жиналуын болдырмауды және тышқандардың қаптауына жол бермеуді жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады» ,- деп түсіндірді.
БАҚ өкілі егеуқұрйықтардың көбеюіне қаңғыбас иттер мен мысықтарды жаппай аулау себеп болды ма деп сұрағын нақтылады. Журналисттің түсіндіруінше, егеуқұрйықтар популяциясын бақылауда ұстап тұруға қаңғыбас үй жануарлары көмек болатын. Десе де Нысанбаев БАҚ өкілінің бұл пікірімен келіспеді.
«Сіз қалай ойлайсыз, егер біз иттерді ауламасақ, олар егеуқұрйықтарды жеп қоя ма?! Мен тышқандар мен иттердің арасында байланыс көріп тұрған жоқпын«– деді жауап берді министр.