Дүкеніне «Обслуживаем только на русском» деп жазып қойған павлодарлыққа айыппұл салынды

Жарияланды
Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты дүкеніне «Обслуживаем только на русском» деп жазып қойған азаматтың әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды.

2025 жылғы 16 қаңтарда Н. есімді азаматша Павлодар қаласы Лермонтов көшесіндегі дүкеннің кіреберіс есігі мен сөресіне «Обслуживаем только на русском» деген мазмұндағы хабарламаны жапсырған.

Сот бұл әрекетті қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн әрекет деп бағалаған.

Процесс барысында дүкен сатушысы алдына келген сатып алушының «Маған «бір фарш» беріңізші» дегенін түсінбей орысша сөйлеуін сұрап, кейін қағазға «Обслуживаем только на русском» деп жазып қойғаны анықталған.

Сот павлодарлық азаматтың әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігін бұзу деп танып, оның кінәсін мойындауын, өкінгенін, құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын ескеріп 55 048 теңге айыппұл салған.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Сондай-ақ оқыңыз