Жаңалықтар

Алматыда қатарынан екі күн қар жауады: Арнайы қызметтер қаланы тәулік бойы тазартады

Фото: egov

Қалың қар құрсауында қалған Алматының коммуналдық қызметі қаланы тоқтаусыз күреуге кірісті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановтың айтуынша, қаланың коммуналдық қызметі көшелерді, жолдарды және жаяу жүргіншілер жолдарын тәулік бойы тазартады.

«Қар бүгін таңғы 9:00-де жауа бастады, болжам бойынша екі күнге жалғасады» – дейді әкімдіктегілер.

Қаланы қардан тазартуға 600 техника, 1500 жұмысшы жұмылдырылып, көктайғаққа қарсы 950 тонна қоспа пайдаланылған.

«Қар күреліп, үйінді жасалған соң негізгі көшелер мен аудандық жолдағы қарды шығару жұмыстары қолға алынады. Оған 3-тен 7 күнге дейін уақыт кетеді» – делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындарды көлігін жол жиегіне қоймауды сұрайды.

Қар күреу жұмыстарына қатысты сұрақ туындаса, аудан әкімдіктерінің Telegram-ботына хабарласуға болады:

1. Әуезов ауданы – @akimatAuezov1

2. Алатау ауданы – @akimat_alatau

3. Алмалы ауданы – @almalyaudany/1

4. Бостандық ауданы – @bostandykaudanyy/1717

5. Жетісу ауданы – @obzhetysu

6. Медеу ауданы – @medeu_audany

7. Наурызбай ауданы – https://t.me/+jD3nmPVIVrw1YWQ6

8. Түрксіб ауданы – @turksib_audany

Бұған дейін, ауа райының назарлауына байланысты полиция азаматтарға үндеу жасаған.