Қазақстанда қарулы қақтығыс болуы мүмкін бе? Қорғаныс министрлігі жауап берді
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жуырда шыққан беделді халықаралық есептегі «Қазақстанда қарулы қақтығыс болуы мүмкін» деген тұжырымға екіұдай пікір білдірді.
«Мен бұл тұжырымға баға бере алмаймын. Айтарым, бұл пікірді қолдамаймыз», – деді Қамалетдинов Мәжіліс кулуарында.
Журналистер Қорғаныс министрінің орынбасарына «демек Қазақстанда қарулы төңкеріс болмай ма» деп нақтылаушы сұрақ қойды.
Бұған министрлік өкілі: «Қазақстан үнемі әскери дайындықта, қандай да бір конфликт болуы мүмкін дегенді зерделейміз», – деді.
«Біз жоққа шығара алмаймыз, бірақ сараптама, зерделеуді ұдайы жүргіземіз», – деп қосты Қамалетдинов.
Бұған дейін Давос форумы қарсаңында жүргізілген Global Risk Report зерттеуі Қазақстанды қарулы қақтығыс болуы ықтимал мемлекеттер қатарына қосқанын хабарлағанбыз.