15 облыста көлік қозғалысы шектелді: полиция азаматтарға үндеу жасады

Жарияланды
 Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ауа райы күрт бұзылып, жол қозғалысы қиындағанына байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады. 15 облыста көлік қозғалысы шектелді. Полиция азаматтарға үндеу жасады

Министрлік мәліметінше, елдің басым бөлігінде боран мен қарға, көктайғақ пен көрінудің төмендеуіне байланысты 15 облыстың 43 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

«Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеу енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елдімекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ!», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Министрлік қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы «ҚазАвтоЖолдың» ресми Telegram-арнасынан, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарындан, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы білуге болатынын ескертті.

«ҚазАвтоЖол» төмендегідей республикалық жол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілгенін мәлімдеді:

  • – «Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының 0-152 шақырым аралығы (Павлодар қ. – РФ шекарасы);
  • – «Ленинский-Иртышск-Русская поляна» автожолының 0-263 шақырым аралығы (Ленинский а. – РФ шекарасы);
  • – «Омбы-Майқапшағай-РФ шекарасы» автожолының 191-390 шақырым аралығы (РФ шекарасы-Мичурино ауылы);
  • – «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» автожолының 0-137 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы – Баянауыл ауылы).

Жолды 2025 жылғы 23-24 қаңтарда ашу жоспарланған.

2025 жылғы 22 қаңтар сағат 10:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Өскемен-Алматы-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1125-1191 шақырым аралығындағы учаскесінде (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған.

Жолды 2025 жылғы 23-24 қаңтар ашу жоспарланған.

Абай облысында:

– «Таскескен-Бақты» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылының бұрылысынан Үржар ауылына дейін);

– «Алматы-Талдықорған-Өскемен» автожолының 615-967 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін);

– «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз» автожолының 447-704 шақырым аралығы (Маскелді ауылынан Аягөз қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 22 қаңтар сағат 18:00 ашу жоспарланған.

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 2025 жылғы 23-24 қаңтар.

Автожолдардағы көлік қозғалысына байланысты соңғы ақпараттарды «ҚазАвтоЖолдың» ресми Telegram-арнасынан бақылап отыруға болады.

Бүған дейін Қазақстанның басым бөлігіндегі метеоахуалға Солтүстік-Батыс циклоны ықпал етіп, кей өңірлерде қар жауып, қатты жел тұратыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз