Жаңалықтар

Екі министрліктің лауазымды шенеуніктері «Семей орманы» ісіне байланысты жазаланды

Екі министрліктің лауазымды шенеуніктері «Семей орманы» ісіне байланысты жазаланды
Екі министрліктің лауазымды шенеуніктері «Семей орманы» ісіне байланысты жазаланды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Төтенше жағдайлар министрлігінің лауазымды шенеуніктері «Семей орманы» табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану аумағының өртенуіне байланысты жазаланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 10 лауазымды тұлғасы және Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Прокуратура ақпаратына сүйенсек, «Семей орманындағы» екі жыл бұрын болған өрт оқиғасына байланысты уәкілетті органдардың өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды.

Айта кетейік, резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директоры 2024 жылы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

2024 жылғы тамызда Абай облысының апелляциялық соты бұл үкімді өзгеріссіз қалдырып, айыпты азаматтар мен олардың адвокаттарының шағымдарын қанағаттандырды.

Бұдан бөлек, 2024 жылғы қазан айында Семей қаласының №2 соты абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан факті бойынша (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) Ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын 2 жылға және Бородулиха аудандық соты «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директорының м. а. 2 жылға бас бостандығынан айырылды.