Kursiv.Media сайтының бас редакторы ҚНРДА жанындағы сарапшылар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Жарияланды (жаңартылды )
ҚНРДА
ҚНРДА Қазақстанда қаржылық сауаттылықты дамытудың 2025 жылға арналған бағыттарын анықтады / Фото: ҚНРДА

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда қаржылық сауаттылықты дамытудың 2025 жылға арналған бағыттарын анықтап, Сараптамалық кеңестің құрамын бекітті.

Қазақстанда қаржылық сауаттылықты дамытудың 2025 жылға арналған бағыттары, қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі шаралар жоспары және Сараптамалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде сараптамалық кеңестің қазіргі мүшелері арасында дауыс беру өтті. Нәтижесінде 2025 жылға арналған Сараптамалық кеңестің төрайымы болып Kursiv.Мedia сайтының бас редакторы Мира Халина сайланған.

Ал ҚНРДА-ның Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментінің директоры әрі тең төрағасы болып Александр Терентьев тағайындалған.

Сараптамалық кеңес құрамында – «Онлайн КазФинанс» МҚҰ директоры Ернар Оразбаев, «Financial Consulting E&K» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы әрі құрылтайшысы Қайрат Тұрмағамбетов, ҚНРДА Сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Олжас Рамазанов, қаржылық кеңесші Жанар Таланова сынды тағы да басқа қаржы саласына қатысы бар мамандар кірген.

Агенттіккке қарасты Сараптамалық кеңес алдағы уақытта мемлекеттік тілдегі контентті дамытып, жергілікті атқарушы органдармен, ірі жұмыс берушілермен, әсіресе, өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс атқаруды көздеп отыр.

Сонымен бірге Қаржылық сауаттылыққа жаңа тәсілдер шеңберінде мемлекеттік органдар – Ұлттық Банк, Жоғары білім, Білім және Мәдениет министрліктерімен серіктестік орнатпақ.

Сондай-ақ оқыңыз