Қазақстан Қаржы министрлігі қор биржасына құнды қағаздарын шығарды. Бұл туралы Қазақстан қор нарығының сайтында жазылған.
21 қаңтарда ведомство KASE-ге 13,89% жылдық мөлшерлемемен 21,8 млн ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін шығарды. Қарызды жабу мерзімі 12 жыл деп көрсетілген. Өтінім бергендердің үлесінде 84,3%-ы банктерге, 12,2%-ы құрылымдық инвесторларға, ал 3,5%-ы басқа заңгерлік тұлғаларға тиесілі.
Сондай-ақ 13,77% жылдық мөлшерлемемен 30,9 млн ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін шығарды. Қарызды жабу мерзімі – 4,5 жыл. Өтінім бергендердің үлесінде 83,3%-ы банктерге, 16,2%-ы құрылымдық инвесторларға, ал 0,5%-ы басқа заңгерлік тұлғаларға тиесілі.
Бірақ жауапты ведомство қаржыны қандай мақсатта алып жатқанын жазбаған.
2024 жылы қор биржасындағы Қаржы министрлігі былтыр 10,74-13,50%-бен 38 шығарылым жасаған. Жалпы көлемі 5,6 трлн теңгеге жетеді.