Отбасы банк «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қосады. Бұл -техникалық мамандарға арналған ипотека. Оған өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының қызметкерлері қатыса алады.
2025 жылы «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында 72 млрд теңгеге 2 440 несие беру жоспарланған.
Өтінім беру қашан басталады?
Өтінім қабылдау 2025 жылдың 17 наурызына басталмақ. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болады.
Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейді. Оның шеңберінде кәсіпорындар өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөледі.
Талаптары қандай?
Пайыздық мөлшерлеме. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен ипотека 9 пайызбен (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) беріледі. Ал әлеуметтік осал санатқа жататындарға 7 пайызбен ұсынылады.
Бастапқы жарна. Тәза әрлеудегі дайын пәтер сатып алғысы келетіндер 10 пайыз алғашұы жарна жинауы керек. Ал ремонты жоқ, жаңа салынған үйлер мен қайталама нарықтан баспана алатындар кемі 20 пайыз бастапқы жарна құюы шарт.
Несие көлемі. Бағдарлама аясында облыстардағы тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға 30 млн теңге ипотекалық несие беріледі. Ал Астана мен Алматы қалалары үшін – 36 млн теңге.
Қазақстанда жұмысшыларға арналған жаңа ипотекалық бағдарлама ашылатыны 8 қаңтарда белгілі болды. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырған.