Lifestyle

Аяз, боран және тұман – 23 қаңтарға ауа райы болжамы

Ауа райы бүгін
Аяз, боран және тұман – 23 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock

23 қаңтарда елдің басым бөлігінде күн суытып, тұман түсіп, қарлы боран соғып, қатты аяз болады. «Қазгидромет» ақпаратына сүйенсек, арктикалық циклон Қазақстан аумағына айтарлықтай суық алып келген.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы үш күнде бүкіл ел бойынша температура одан әрі төмендей береді.

Солтүстік-батыс циклонының әсері шығыс пен оңтүстік-шығыста сақталады. Кей аудандарда қарлы боран тұрып, кей аудандарда екпінді қар жауады.

Орталық, солтүстік және оңтүстік аймақтарға қалың қар түседі. Ел аумағы бойынша жолдарда қиындық туындайды. Сондықтан алыс сапарларды жоспарлаудың қажеті жоқ.

Астанада көшпелі бұлт, аяз, жауын-шашынсыз, түнде температура –26 −28 °C, күндіз –23 -25 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, кейде қар, тұман, көктайғақ, қар жауады, түнде температура −13 –15 °C, күндіз −5 –7 °C.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура –14 -16 °C, күндіз -5 -7 °C.