Лос-Анджелес маңында тағы бір өрт ошағы пайда болып, 30 мың адам көшірілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Лос-Анджелес тұрғындары эвакуациялау туралы хабарлама алды
Лос-Анджелес тұрғындары эвакуациялау туралы хабарлама алды / Фото: apnews.com, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Лос-Анджелестің солтүстігінде басталған өрт бірнеше сағат ішінде 9 400 акр (шамамен 38 шаршы шақырым) аумаққа тарады. Қатты жел мен құрғақ шөптің әсерінен 31 000-нан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Лос-Анджелестен 80 шақырым солтүстікте орналасқан Хьюз өртінің салдарынан аймақтағы өрт сөндірушілерге қосымша күш түсті. Олар бұған дейін Лос-Анджелес маңындағы екі ірі өртті бақылауға алған болатын.

Кастейк көлінің маңындағы тұрғындарға «өмірге қауіп төніп тұрғаны» туралы ескерту жасалды. Сонымен қатар Оңтүстік Калифорнияның көп бөлігі қатты жел мен құрғақ ауа райы салдарынан өрт қаупінің жоғары деңгейінде тұр.

Лос-Анджелес округінің шерифі Роберт Лунаның мәліметінше, 31 000 адам қауіпсіз жерге көшірілді, тағы 23 000 адам эвакуацияға дайын болу керек екені туралы ескерту алған. Сан-Габриель тауларындағы 700 000 акр аумақты алып жатқан Ангелес ұлттық орманының барлық аумағы келушілер үшін жабық деп жарияланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін өрт салдарынан 24 адамның қайтыс болып, 10 мыңнан астам ғимарат өртеніп кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз