16 жастағы қазақ футболшысы Дастан Сәтпаев  «Челсиде» ойнайды – мәміле құны 4,3 млн еуро болған

Жарияланды
Сарапшылар мұны қазақ футболындағы рекордты көрсеткіш деп атап отыр./Фото: «Қайрат» ФК

Қазақстанның «Қайрат» футбол клубының 16 жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондонның «Челси» клубына ауысады.

Бұл туралы Иван Карповқа сілтеме жасап, «Спорт Шредингера» телеграм-арнасы хабарлаған.

Бұл ақпаратқа сүйенсек, мәміле құны – 4,3 млн еуро болған. Сарапшылар мұны қазақ футболындағы рекордты көрсеткіш деп атап отыр.

Лондондықтар Сәтпаевпен 5 жылға келісім-шартқа қол қояды. Ол 2026 жылдың тамыз айында – ойыншы 18-ге толған кезде күшіне енбек.

Сәтпаев үшін «РБ Зальцбург», «Байер», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» секілді Еуропаның азулы клубтары таласқа түскен. Десе де, «Челси» жас талантты сатып алуда табандылық көрсеткен.  

 Айта кететін жайт, «Қайрат» ойыншысы Нұрәлі Әліп «Зенитке» 2 млн еуроға сатылған еді. «Астана» клубы Патрика Твумаси-ді «Алавеске» 3 млн еуроға сатылған болатын.

Мұның алдында Қазақстанның футбол клубтарының қосымша легионерді тіркеу үшін федерацияға 40 млн теңге төлеуі мүмкін екені жайында жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз