Салық органдары Азат Перуашевтың «миллион теңгелік» ұсынысын талқылап жатыр

Жарияланды
Азат Перуашевтың ұсынысын назарға ала ма? / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Ақ жол» Демокартиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев салық органдарын мобильді аударымдары үшін сынға алған. Ол айына 1 млн теңгеден артық аударым келгендерді ғана тексеру керек деген еді. Мемлекеттік кіріс комитеті Перуашев ұсынысы талқыланып жатқанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Перуашов Азат Тұрлыбекұлының  ұсынысы Комитет тарапынан зерделеніп жатқанын назарыңызға жеткізеді», – деп жазылған редакцияға жолданған хатта.

Салық органдарының түсіндіруінше, үш ай қатарынан мобильді аударым қабылдаса және аударылған ақша қаражаттарының сомасы  255 мыңнан (өлшемшарт ) асқан жағдайда бақыланады. Бірақ өлшемшартқа өзгеріс енгізу туралы ұсыныс  Ұлттық банкпен келісу сатысында екен.

«Яғни ұсынылған өлшемшарт (255 мың теңге) қолданыста емес және ҚР ҰБ тарапынан келісілмеген жағдайда қолданысқа енгізілмейді», – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Азат Перуашев Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдап, мобильді аударымдарды бақылау әдісін өзгертуді ұсынған.

«Шағын және микробизнес – кішкентай дүкендерде, дәмханаларда істейтін қарапайым адамдар. Олар бюджеттен ұрламайды, офшорға миллиардтар шығармайды. Егер ондай кәсіпкер артық 10-20 мың теңге тапса, ол ақшаны елде қалдырады. Мысалы, баласына киім алады немесе шағын кәсібін аздап кеңейтеді. Олигархтарды басқа жерден іздеңіздер, шенеунік мырзалар. Миллиардтар ұрлағанды іздеңіздер», – деген еді ол.

Сондай-ақ оқыңыз