Жаңалықтар

«Қазақтелеком» акцияларының құлдырау себебін «біліксіз инвесторлардан» көреді

«Қазақтелеком» акцияларының құлдырау себебін түсіндірді / Фото: коллаж KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазақтелекомның» артықшылыққа ие акцияларының күрт құлдырауы (30%-ға құлдырап, 27,5 мың теңге болды) және саудасының уақытша тоқтауы «бір немесе бірнеше кәсіби инвесторлардың әрекетіне және аталған қағаздардың төмен өтімділігіне» байланысты. Инвесторлар ары қарай да бағаның төмендеуін күткен немесе қысқамерзімде табыс тапқысы келген деп хабарлады компания Кursiv.Мedia-ға.

23 қаңтарда «Қазақтелекомның» артықшылыққа ие акцияларының саудасы жалғасты. Бір қағаз 41,5 мың теңгеден саудаланып жатыр. Компанияның атап өтуінше, қазір айналымда компанияның 298,8 мың дана акциясы бар.

«Өтімділігі төмен нарықта бір немесе бірнеше инвестордың әрекеті акциялардың құнына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Барлығы 2,2 млн теңгеге 75 қағаз сатылған, ол сауда аяқталғанға дейін құнның 33%-ға немесе 27,5 мың теңгеге дейін төмендеуіне әсер етті», – деп түсіндіреді компания.

«Қазақтелеком» артықшылыққа ие акциялардың да құнының түсуіне түбегейлі себеп жоқ екенін айтады.

«Артықшылыққа ие акцияардың құлдырауы бір немесе бірнеше біліксіз инвестордың әрекетінен болды. Мүмкін оларда акция ары қарай төмендегенде, алып-сатарлық әрекет етеміз немесе қысқамерзімде табыс табамыз деген ниет болған шығар», – деп мәлімдейді компания өкілдері.

Еске салайық, 22 қаңтардағы сауда сессиясында «Қазақтелекомның» артықшылыққа ие акциялары 33,1%-ға күрт арзандап кеткен.