Зейнетақы қорының ақшасына бұл жолы KEGOC-тың акциялары сатып алынды

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысына ұлттық электр желілерінің операторы KEGOC компаниясының акциялары сатып алынған. Қазақстан қор биржасында компания акционерлері туралы мәлімет орналастырылды.

Егер 1 қазанда Қор KEGOC компаниясының 18 939 мың акциясына иелік етсе, 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 18 951 мың акцияға жеткен. Яғни өсім 12 мыңға жеткен. Алайда компания да, қорда акциялар үлесіндегі өзгеріс туралы хабарлама жарияламады. Мәміле құны да белгісіз.

Алайда, БЖЗҚ-ның иелігіндегі үлес өзгеріссіз қалып 6,88%-ды құрап тұр. KEGOC акцияларының 85%-ы «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі.

Зейнетақы қорындағы активтердің басым бөлігін Ұлттық банк басқарады. Бас банктің сенімгерлік басқаруына берілген активтер көлемі 22,4 трлн теңге. Бұл қаржының 8,8%-ын Ұлттық банк квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың облигацияларына инвестициялаған. Жалпы салынған қаржы 1,6 трлн теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз