2025 жылы қалай ипотека аламыз: қалай дайындалу керек және қандай бағдарламалар өзекті?

Жарияланды
БЖЗҚ-дан түсетін
Фото: kursiv.media архивінен

Қазақстанда ипотека мәселесі қашанда өзекті. Мемлекеттік бағдарламалар баспанаға мұқтаж жандардың қажеттілігін толық жаппайды. Ал, нарықтық бағдарламалардың пайыздары өте жоғары. Осындай кезеңде қалай үй алуға болады? Kursiv Media YouTube арнасы баспана мәселесі бойынша сарапшы Қайрат Қожановпен биылғы трендтерді талдап, практикалық кеңестер ұсынады.

Сарапшылардың сөзінше, 2021 жылдары басталған зейнетақы жарнасын алу және мемлекеттік бағдарламардың әсерінен «қызып» кеткен ипотека нарығы биыл саябырсып тұрақталады. Сол себепті биыл пәтер алуды жоспарлап жүрген адамдарға өте ыңғайлы жыл. Негізі елімізде жыл сайын үй бағасы 5-6%-ға өсіп отырады. Биыл да тұрғын үйдің шаршы метрі осынша шамада қымбаттауы мүмкін. Сондықтан мамандар жоғары инфляцияға алаңдауға негіз жоқ екенін айтады.

Мемлекеттік бағдарламаларға келсек, «Отау», «Наурыз», «Ұмай» секілді бағдарламаларға сұраныс биыл да жоғары болмақ. Бұған дейін осы бағдарламалармен үй алғандардың табысты кейсі сұранысты арттырады. Сонымен бірге «Жасыл ипотека» және «Ислам ипотекасын» көпшілік күтіп отыр. Құрылыс компаниялары да банктермен бірігіп, нарықтық ипотека немесе бөліп төлеу секілді өнімдерін ұсынады. Бұл да тұрақты жұмысы бар, бірақ жеңілдігі бар санатқа кірмейтін азаматтарға жақсы мүмкіндік. Сарапшы үй алу мүмкіндігін жоғарылату үшін алғашқы жарнаны неғұрлым көбірек жинауға кеңес береді.

Сұхбаттың толық нұсқасын кешкі сағат 19.00-де YouTube арнамыздан көре аласыздар.

Сондай-ақ оқыңыз