Жаңалықтар

– 35 градусқа дейін аяз — 24 қаңтарға ауа райы болжамы

– 35 градусқа дейін аяз — 24 қаңтарға ауа райы болжамы / Фото: shutterstock және freepik

24 қаңтар осы қыстағы ең суық күндердің бірі болуы мүмкін. Қазақстанның кей өңірлерінің -35 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» болжамында жазылған.

Ақпаратқа сүйенсек, осы жұмада еліміздің 16 облысы және Алматы қаласында дауылды алдын ала ескерту жарияланды. Ел аумағында қалың тұман түсіп, көктайғақ болады, боран күшейеді. Сондықтан алыс сапарға шықпау ұсынылады.

Қазірдің өзінде ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында республикалық маңызы бар трассаларда қозғалыс шектелді.

Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде термометр бағаны 30 градустан төмен түседі. Оңтүстікте күн 15-25 градусқа дейін суытады. 

Астанада көшпелі бұт, жауын-шашынсыз, түнде температура –32 -34 °C, күндіз -21 -23 °C.

Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, түнде температура –18 —20 °C, күндіз —10 -12 °C. 

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде температура -15 -17 °C, күндіз 0 +2 °C.