Жаңалықтар

АҚШ-та Трамп үшінші рет сайлауға қатысуы үшін Конституцияны өзгерту ұсынылды

Трамп 2029 жылы президент сайлауына қайта түсе ала ма?
Трамп 2029 жылы президент сайлауына қайта түсе ала ма? / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Американдық конгресмен Энди Оглз АҚШ Конституциясы өзгеріс енгізуді ұсынды. Ол ұсынған түзетуге сәйкес Дональд Трамп үшінші мерзімге президенттік сайлауға түсе алады. Бұл туралы америкалық Fox News басылымы жазды.

Конгресмен ұсынған өзгертуге сәйкес, Америка президенті қатарына екі рет сайлана алады. Ал өмір бойына үш рет президент болуға болады. Трамп осыған дейін бір рет президент қызметін атқарды. Араға бір мерзім салып қайта оралған. Конгресмен оның келесі сайлауға қатысуына жол ашуды көздеген.

Телеарна бұған дейін Трампқа Гренландияны сатып алу туралы келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынған да дәл осы конгресмен Оглз екенін еске сала кеткен.

АҚШ-тағы екі президенттік мерзім туралы шартты елдің бірінші президенті Джордж Вашингтон белгілеген. Бұл заңды АҚШ президенттері арасында тек Франклин Рузвельт бұзып, төрт мәрте президент болып сайланған. Рузвельттен кейін Конгресс АҚШ Конституциядағы президенттік мерзімді бір адамға екі мерзім қылып шектеу туралы шешім қабылдаған.

Осыған дейін Трамп Гренландияны АҚШ құрамына қосу туралы айтқан болатын. Конгрессмен Оглз оның осы бастамасын қолдап, заңға өзгеріс енгізуге ұсыныс айтқан.