Шерзат Полаттың ісі бойынша сот наурызда басталуы мүмкін – адвокат

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Шерзат Полаттың ісіне екі қорғаушы қосылды
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот наурызда басталуы мүмкін – адвокат / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісі наурыз айында басталуы мүмкін. Бұл туралы KursivMedia тілшісіне оның отбасының адвокаты Саида Тәуекелева айтып берді. 

Тәуекелеваның сөзінше, қазір тараптар қылмыстық іс материалдарымен таныса бастады. 

«Қазір қылмыстық іс материалдарын алып, танысып жатырмыз. Яғни қазір барлық тараптар материалдарды зерттеуге кірісуде. Танысып болғаннан кейін сот қашан басталатыны белгілі болады. Менің болжамым бойынша, шамамен наурыздың ортасына қарай сот істері басталуы мүмкін. Себебі қылмыстық іске қатысушылар өте көп», – деді адвокат.

2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда дүкен маңына төбелес болып, 16 жасар Шерзат Полат қаза тапты. Резонанс оқиғадан кейін сот 11 адамды қамауға алды. 

Шерзаттың өлімінен кейін бір апта өткенде оның отбасының үйі өртеніп кетті. Желтоқсан айында полиция Талғардың шетінде Шерзаттың 30 жастағы ағасының денесін тапты. Полицияның мәліметінше, ол жиенін қорғай алмағаны үшін өзін-өзі өлтірген. Шерзаттың өліміне қатысты істі тергеу 17 қаңтарда аяқталған.

Сондай-ақ оқыңыз