Lifestyle

Таиландта бір жынысты некеге тұруға ресми түрде рұқсат берілді

Таиландта бір жынысты некеге тұруға ресми түрде рұқсат берілді
Таиландта бір жынысты некеге тұруға ресми түрде рұқсат берілді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

24 қаңтарда Таиландта бір жынысты некені заңдастыру туралы заң күшіне енді. Алғашқы күні некесін қию үшін 200-нан астам жұп Бангкокте жиналған. 

«Бұл неке теңдігі туралы заң Тай қоғамының гендерлік алуандықты мойындайтынын білдіреді. Әрбір адамды ерекшеліктерімен қабылдау керек. Азаматтар құқықтары діні, нәсілі, жынысына қарамай тең болады», – деп келтіреді елдің премьер-министрі Пхэтонгтан Чиннаваттың сөзін ВВС.

Заң күшіне енуіне байланысты Bangkok Pride ұйымы қала шенеуніктерімен бірге Siam Paragon сауда орталығында салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Өзгерістен кейін елде неке бұрынғыдай ерлер мен әйелдер емес, екі адамның серіктестігі ретінде анықталады. Бір жынысты жұптар гетеросексуалды жұптармен бірдей құқыққа ие болады. Оларға бала асырап алу құқығы да беріледі.

Жаңа заң Таиланд Азаматтық кодексінің 70-бөлімінен «ер», «әйел», «күйеу» секілді сөздерді алып тастайды. Олардың орнына бейтарап терминдер қолданылады, мысалы, «адам» және «жұбайы».

Трансгендерлер көп болғанына және оларға қатысты шоулардың танымал болуына қарамастан, Таиландта олар әлі заңды тұрғыда мойындалмаған. Сондықтан олар заңды некеге тұра алмайды.

Таиланд Азия елдерінің арасында бір жынысты некеге рұқсат берген үшінші мемлекет. Осыған дейін Непаль мен Тайваньда рұқсат болған.

2024 жылы маусымда белсенді азаматтар Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ насихатына тыйым салудын сұрайтын петиция жолдаған. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Қазақстан билігін петицияны қарамауға шақырған.