Трамп Украинадағы соғысты аяқтау үшін ОПЕК-тен мұнай бағасын түсіруді сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Мұнай, табиғи газ бен көмірді пайдалану дәуірі енді келуі мүмкін – Зерттеу
Трамп Украинадағы соғысты аяқтау үшін ОПЕК-тен мұнай бағасын түсіруді сұрайды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украина қақтығысын тоқтату үшін ОПЕК-тен мұнай бағасын түсіруді сұрайды. Бұл туралы ол Швейцарияда өтіп жатқан Давос Дүниежүзілік экономикалық форумында айтқан.

Трамптың сөзінше, мұнай бағасы шамамен 1 долларға арзандайды. Сонымен қатар АҚШ-тың мұнай мен газ саласындағы держава екенін еске салған.

«Сауд Арабиясы мен ОПЕК-тен мұнай бағасын төмендетуді сұраймын. Оны арзандату керек! Егер баға төмендесе, Ресей мен Украинаның соғысы бірден аяқталады!»- деп келтірді Трамптың сөзін NBC News.

Бұдан бөлек, Трамп форумда АҚШ-тағы жасанды интеллект криптовалюта нарығын реттеу және олардың дамуына тоқталған. Сондай-ақ жақын арада Конгресс АҚШ тарихындағы ең ауқымды салықты азайту туралы заң қабылдайтынын хабарлаған.

«АҚШ-та жұмыс істеп, өз тауарларын АҚШ-та өндірсе, халықаралық компаниялар үшін корпоративтік салықты 15% дейін төмендетеміз», – деп уәде берді ол.

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) – әлемдік бизнес, ғылым және азаматтық қоғам көшбасшылары жыл кездесетін кездесетін алаң. Мұнда жыл сайын әлемдегі ең өзекті мәселелер талқыға салынады. Трамп форумға онлайн қатысқан.

ОПЕК – мұнай экспорттайтын елдердің ұйымы. Оның құрамына Алжир, Венесуэла, Габон, Ирак, Иран, Конго, Кувейт, Ливия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нигерия, Сауд Арабиясы, Экваторлық Гвинея кіреді. Бұдан бөлек, негізгі ұйымға қосымша ретінде 2016 жылы ОПЕК+ құрылған. Оның құрамына Қазақстан кіреді.

Айта кетейік, осы форум аясында ЕуроОдақтың 2025 жылы Украинаны қолдауға 35 млрд еуро жіберетіні белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз