Lifestyle

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер тізімін жариялады. Тиісті өзгертулерден кейін, құжат ресми жария болды.

Енді Қазақстанда бухгалтерлік есеп, қылмыстық-атқару, қаржы мониторингі, колледж мұғалімдері және т.б. сала мамандарының кәсіби мерекесі пайда болады:

  • 28 қаңтар – Қаржы мониторингі жөніндегі органдар күні;
  • Шілде айының біріншісі жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлері күні;
  • Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласындағы қызметкерлер күні;
  • 2 қазан – ҚР техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күні;
  • Қазан айының соңғы жексенбісі – Авто транспорт саласы қызметкерлері және Автожол саласы қызметкерлерінің күні;
  • 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызметкерлер күні;
  • 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің күні.

Осыған дейін 2024 жылдың сәуір айында 8 жаңа кәсіби мереке қосу талқыла салынғанын жазған едік.