Жаңалықтар

Бензин мен дизельдің бағасы ай сайын 4 теңгеге қымбаттайтыны рас па?

Бензин мен дизельдің бағасы қымбаттайтыны рас па? / коллаж: kursiv.mediа, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Соңғы уақытта елімізде жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасы да 2026 жылдың тамызына дейін ай сайын 4 теңгеге өсетіні туралы ақпараттар тараған еді. Бұл мәселе жөнінде премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев брифингте мәлімдеме жасады.

Газ бағасы бірте-бірте өседі

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, газ бағасының күрт көтерілуіне жол берілмейді. Ол бұл мәселенің мемлекет бақылауында екенін, бағаның біртіндеп өсетінін атап өтті. Бұл қадам газ өндіру саласын дамыту және нарықтық реттеуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатыр.

Қанат Бозымбаев бағаның өсуі Үкімет тарапынан қатаң бақылауда болатынын және халыққа қолжетімділік сақталатынын уәде етті. Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғындардың мүддесі ескеріліп, арнайы қолдау шаралары қолға алынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жылдың басында ғана 2025 жылғы І тоқсанда ішкі нарықта сұйытылған газ бағасы қымбаттамайтынын мәлімдеген.

Энергетика министрлігі  «Ашық НҚА» порталында 1 ақпанынан бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасын өсіру туралы бұйрық жобасын жариялады.

Ал оның алдында сенат депутаты Бекбол Орынбасаров сұйытылған газ бағасының арзандығы ішкі нарықта газ тапшылығын тудыруы мүмкін екенін айтқан.