Астана әуежайы жолаушыларды қағаз құжаттарын алып жүруге шақырды

Жарияланды
Халыққа қызмет көрсету орталықтары да уақытша қызмет көрсетпей жатыр./фото: KursivMedia мұрағаты

Астана әуежайы электронды үкіметтің істен шығуына байланысты жолаушыларды құжаттарының түпнұсқасын өзімен алып жүруге шақырды.

«E-gov порталы уақытша ашылмай тұруына байланысты құжаттарыңыздың, жеке куәліктеріңіздің түпнұсқасын жолға алып шығуларыңызды өтінеміз. Өйткені, құжаттардың электронды нұсқасы жүктелмей тұр», – делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызмет көрсететін порталдар жұмыс істеуін тоқтатты. Оның ішінде eGov.kz, gov.kz, eLicense.kz және басқа да сайттар бар. Сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтары да уақытша қызмет көрсетпей жатыр. Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы мемлекеттік қызмет алу да тоқтаған.

«Мамандар сервистердің жұмысын толық қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Жақын арада жөндейді деп жоспарланып отыр», – делінген «ҰАТ» АҚ сервис операторы.

Цифрлық дамуы министрлігі ақаудың ғаламдық сипаты бар екенін атап өтті. Мұндай түйткілдер әлемнің көп елінде тіркелген. Ұялы байланыс және Meta (Facebook, Instagram, WhatsApp) сервистерінің жұмысында мәселе туындаған.

«Түскеніне қарай, қосымша ақпарат беріп отырамыз», делінген министрліктің хабарламасында.

2022 жылдан бері Қазақстанға кең көлемді кибершабуылдар жиіледі. Мұның алдында The Hacker News басылымы ресейлік хакерлердің Қазақстанға қарсы кибершабуыл науқанын бастағаны туралы жазған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз