Путинді ресейліктердің 78%-ы қолдап отыр
Ресейде Владимир Путиннің рейтингі өскен. Халқының оған деген сенім деңгейі 78,1% болып отыр.
Бұл – апта сайын жарияланып отыратын саясаткерлерге деген сенім, президент пен үкімет жұмысына баға беру рейтингінің көрсеткіші.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметінше, респонденттердің 75,2%-ы Путиннің іс-әрекетіне, саясатына оң баға берген. Өткен аптадағы көрсеткіштен бұл – 0,3%-ға жоғары. Сұрау салынғандардың 78,1%-ы президентке сенім білдіретінін айтқан.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы ресейліктердің жалпы үкімет пен премьер-министр Михаил Мишустинге деген көзқарасында анықтаған. Нәтижесінде, ресейліктер тең жарымы үкіметтің жұмысына да жақсы баға беріп отыр.
Премьер-министрдің жұмысын респонденттердің 52%-ы құп көрген. Сұралғандардың 61,3%-ы Мишустинге сенім білдірген. 49%-ы Үкіметтің жұмысына мін тақпайтындарын айтқан.
Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметінше, рейтинг телефон соғу арқылы 18 жастан асқан 1600 ресейліктің пікірін жинау арқылы жасалған.
Мұның алдында Путиннің ел экономикасына алаңдай бастағаны, Ресей экономикасының санкцияларға қарамастан соңғы екі жылда тұрақты өсім көрсеткені туралы жазғанбыз.