Қаржы министрлігі қор нарығына құнды қағаздарын шығарып, биржадан 46,5 млрд теңге тартты. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жазылған.
21 қаңтарда ведомство нарыққа 13,89% жылдық мөлшерлемемен 12 жылға ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін шығарған еді. Екі күннен кейін осы құнды қағаздар арқылы 17,2 млрд теңге қаржы тартты.
Ал 4,5 жыл мерзімге 13,77%-бен орналастырған бағалы қағаздар үшін нарықтан 29,3 млрд теңге қарыз алды.
Ведомство 2025 жылда нарыққа шығаратын бағалы қағаздарға қатысты жоспарын жариялады. Биыл жалпы құны 6,9 трлн теңге болатын құнды қағаздарын шығармақшы. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,3 трлн теңгеге артық.