Tele2/Altel-де 15 жылдан бері жұмыс істейтін қызметкер компанияның басшысы атанды
Александр Бабич «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Сергей Назаренко атқарған еді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі
Александр Бабич соңғы бес жылда компаниядағы коммерциялық бағытқа жетекшілік етіп, басқарма президенті қызметінде болған. 20 жылдан аса телекоммуникациялық салада жұмыс істейді. Соңғы 15 жылда Tele2/Altel бизнесін белсенді дамытып келеді. Бабич халықаралық INSEAD бизнес-мектебінде оқыған, Global Executive MBA деңгейі бар.
Еске салайық, «Қазақтелекомға» тиесілі болған «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ны қатарлық компания сатып алды.
Енді мобильді операторды қатарлық Power International Holding холдингі иеленеді.
«Бұл сатып алу аймақтағы телекоммуникациялық инфрақұрылымды әлдеқайда жақсартып, Қазақстанмен серіктестікті нығайтады», – деген еді қатарлық компания өз хабарламасында.