Теңге нығайып, доллар курсы 518 теңгеге түсті
24 қаңтар, жұмада, америкалық валюта әлсіреп, теңге нығайды. Қазақстан қор биржасында кешкі саудада америкалық доллар бағамы 517 теңге деп бағаланды.
Ал айырбастау пункттерінде шетелдік валюта бағамы 517-520 теңгеден саудаланып жатыр.
2025 жылы теңге бағамы қалай өзгереді?
Теңге бағамы күшейгеніне қарамастан, сарапшылар жыл соңына дейін доллар курсы 500 теңгеден төмен түспейді деген пікірде. BBC Invest сарапшыларының болжауынша, 2025 жылдың аяғына дейін теңге курсы бір доллар үшін 533,4 деген деңгейде қалады. Бір жылдағы орташа курс 528,1 теңге бола бермек.
Егер Қазақстан нарығында жағдай теріс сценариймен кетсе, жыл соңына дейін теңге курсы 561,9 теңгеге дейін жетеді. Ұлттық валюта әлсірегеннен кейін елде инфляция нығайып, сатып алу қабілеті төмендеуі мүмкін.
Мұнай бағасының арзандауы да үлкен қатер дейді мамандар. Ол елдің экспорттық табысына теріс әсер етеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамынша, ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін жалғастыра берсе, 2025 жылы мұнай нарығында тәулігіне 1,4 млн баррель қара алтын өндіріледі.
Еске салу керек, Давос форумында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей-Украина қақтығысын тоқтату үшін ОПЕК-тен мұнай бағасын түсіруді сұраған еді.
ВВС Invest болжамынша, осы жылы геосаяси тұрақсыздық сақтала береді. Сала мамандарының пікірінше, Америка ішкі нарықты қорғау үшін импортқа шектеу қою деген саясатты жалғастырады. Бұл сауда соғысына және әлемдік экономикалық өсімнің төмендеуіне әкелуі мүмкін.