Алматы Аренаның кіші залынан өрт шығып, 400 адам эвакуацияланды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: ТЖМ

Алматы Арена жабық мұз айдынының кіші залының бірінші қабатында спорттық инвентарь өртенді деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрлік мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер мен қызметкерлер ғимараттан шығып үлгермен. Жалпы 400 адам эвакуацияланған.

Өртті сөндіру барысында 2013, 2016, 2019 жылдары туған төрт бала құтқарылған.

ТЖМ құтқару мамандары өртті 40 шаршы метр аумақта сөндіргенін хабарлады.

Бұған дейін Жезқазғанда мұнай базасының аумағында жарылыс болған.

Сондай-ақ оқыңыз