Қырғызстанның қаржы министрлігі алғашқы мемлекеттік криптобиржа құрды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: Ашық дереккөз

Қырғызстанның Қаржы министрлігі Coin National Exchange деп аталатын алғашқы мемлекеттік криптобиржаны құрды деп хабарлады 24.kg сайты.

Coin National Exchange ашық акционерлік қоғамы Әділет министрлігінің тізіліміне ресми түрде енгізілген.

Басылым мәліметінше, компанияның негізгі қызметі – қаржы нарықтарын басқару. Бұл санатта Қырғызстан қор биржасы, BTS биржасы, EVDE әмбебап биржасы және бірнеше криптобиржалар жұмыс істейді.

«Coin National Exchange – мемлекеттік ұйым. Компанияның жалғыз акционері – Қаржы министрлігі, ал басшысы ретінде Бийболот Мамытов көрсетілген», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы Coin National Exchange-тің бастапқы жарғылық капиталын құру үшін республикалық бюджеттен 100 миллион сом бөлінген.

2021 жылы Қырғызстанда алғашқы әмбебап цифрлық биржа тіркелген болатын.

Бұған дейін, Қырғызстан АҚШ-тан «Керемет» банк пен бірнеше компаниясына салынған санкцияларды алып тастауды сұраған.

Сондай-ақ оқыңыз