Жезқазғанда мұнай базасының аумағында жарылыс болды

Жарияланды
Видеодан кадр/ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өртенгенін хабарлады.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қаспасы жарылып, ангар қабырғалары қираған.

«Оқиға орнында құрылған жедел штаб стратегиялық шешім қабылдап, отын сақталған көршілес резервуарды суыту арқылы оны қорғау үшін бір топты жіберді. Өрт сөндірушілер автоцистерналарды өрт шыққан жерге жақын орналасқан өрт гидранттарына қойып, көбік шабуылының көмегімен өртті сөндірді» делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт 100 шаршы метр аумаққа таралған.

Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылған.

Бұған дейін, Таразда ер адам үстіне бензин құйып, өзін өртемек болғанын хабарлағанбыз. Өрт сөндірушілер лезде әрекет етіп, тұрғынды аман алып қалған. Ер адамды жеңіл күйік шалған.

Тараз қаласының әкімдігі ер адам мұндай қадамға тұрғын үй кезегін жылжытуды талап етіп, оның талабы орындалмағаннан кейін барғанын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз