«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы жарияланды.
Қаулы жобасына сай, халықаралық қайта құру және даму банкі қаржы министрлігіне 13 млрд 83 млн 100 мың жапон йені сомасында қарыз береді. Борыш 2028 жылғы 15 сәуірге дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 12 жыл өтеу мерзімімен беріледі.
«Сыйақы мөлшерлемесі TONA+ айнымалы спред, біржолғы комиссия қарыз сомасының 0,25 %-ын, резервке қойғаны үшін комиссия қарыз қаражатының игерілмеген қалдығына жылдық 0,25 %-ды құрайды. Алынатын қаражат Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасын қаржыландыру үшін қолданылады» делінген хабарламада.
Жобада ратификация «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2024 жылғы 21 қарашадағы № 710 Жарлығын іске асыру нәтижесі екені айтады.
Жобаны жария талқылау 2025 жылғы 7 ақпанға дейін жалғасады.
Бұған дейін қаржы министрлігі Қазақстанның сыртқы қарызы 7,8 трлн теңгеге дейін өсетінін хабарлаған.
Оның алдында Қазақстан үш халықаралық банктен 615 млрд теңге қарыз алатыны белгілі болған.