Астана-Алматы бағытындағы пойызда  спутниктік интернет жүйесі іске қосылды

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
Астана-Алматы бағытындағы пойызда  спутниктік интернет жүйесі іске қосылды/Фото: ҚТЖ

«Қазақстан Темір Жолы» пойызында Eutelsat-OneWeb спутниктік интернет іске қосылды. Жолаушыларға интернетке қосылу мүмкіндігін ұсынған «Астана – Алматы» бағытындағы пойыз жолға шыққан. Бұл пилоттық жоба аясында 500 жолаушы интернетке қосыла алады деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сапар 17 сағатқа созылады. Жолаушылар жаңа қызмет арқылы WhatsApp-та бейнеқоңырау жасап, YouTube-тан бейнероликтер көріп және басқа да танымал интернет-сервистерді пайдаланды.

Дегенмен ағынды жүктеу сайттарына кіруге шектеу қойылған.

Пойыздағы ғаламтор заманауи спутниктік технологиялар арқылы іске қосылған. Локомотивке орнатылған спутниктік құрылғы бір пойыз қүрамында тұрақты және жоғары жылдамдықты интернетті қолдануды қамтамасыз етеді.

«Пойыздарда интернет қосу – жолаушылар тасымалын дамыту жолындағы маңызды қадам.Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта біз осы қызметті кеңейтіп, алдымен «Тальго» пойыздарының барлық 15 бағытына интернет қосуды жоспарлап отырмыз», деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Жобаны жүзеге асыру Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Көлік министрлігі, сондай-ақ, «Jusan Mobile» телекоммуникациялық компаниясы мен Қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторының бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.

«ҚТЖ пойызында төмен орбиталық Eutelsat-OneWeb спутниктік технологиясын қолдану арқылы пилоттық жобаның іске қосылуы – көлікті цифрландыру бағытындағы маңызды қадам. Бұл жетістік еліміздің цифрлық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, қазақстандықтардың сапарларын бұрынғыдан да қолайлы етеді»– деп атап өтті, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев.

Жоба аясында билеттерді тексеруге арналған мобильді терминалдар, пойыз басшылары үшін бейнерегистраторлар және бейнебақылау жүйелері орнатылды. Барлық жазбалар автоматты түрде бұлтты деректер қоймасында сақталып, бақылау мен қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, мейрамхана вагонындағы төлем жүйесіне де өзгеріс еніп– енді жолаушылар тапсырыстарын жол барысында POS-терминалдар арқылы төлей алады.

2023 жылы ҚТЖ мен OneWeb компаниясы Қазақстанның темір жолдарындағы интернет байланысын жақсартуға бағытталған келісімге келген еді. Ынтымақтастық аясында Қазақстан темір жолында оның спутниктік терминалдарын сынақтан өткізуді бастау жоспарланған

Сондай-ақ оқыңыз