2024 жылы 238 млрд цифлық теңге шығарылып мемлекеттік органдардың ақпарттық жүйелерімен интеграцияланған. Бұл Ұлттық Банктің «Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту туралы» жылдық есебінде жазылған.
Банк цифрлық теңге жобасын цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту бағларламасы аясында қолға алған.
Одан бөлек, ашық API арқылы қатысушылар мен қызметтерді жеткізушілер арасында қауіпсіз дерек алмасу мен биометриялық сәйкестендіру, келісімдерді басқару үшін цифрлық сервистерді енгізу – бағдарламаның негізі бағыттары. Былтыр төлем инфрақұрылымының жаңа элементтері арқылы қауіпсіз инфрақұрылым құрылған.
Қазақстандағы төлем айналымының 89,5%-ы Ұлттық банк төлем жүйелері арқылы өңделеді. Ал қолма-қол емес төлемдердің үлесі 85,8%-дан асқан. Одан бөлек инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары.
Қазіргі кезде Ұлттық банктің инфрақұрылымы тәулігіне 5,9 трлн теңгеге 350 000-нан астам транзакцияны өңдейді. Сонымен қатар айына 2,5 млн-нан астам цифрлық сәйкестендіру операциясын жүргізеді.
Цифлық теңге деген не?
Ұлттық банк цифрлық теңге жобасын 2021 жылы бастады. Бұл жаңа формадағы ұлттық валюта, қолма-қол ақшаның және қолма-қол емес есеп айырысулардың толықтырмасы ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты – экономиканы цифрландыру, төлем жүйелерін жетілдіру және қаржылық инклюзияны арттыру.
Цифрлық теңге таратылатын және пайдаланылатын арнайы блокчейн немесе орталықтандырылған технологиялар негізінде жұмыс істейді. Техникалық шешімдер қолданушылардың қауіпсіздігі мен транзакциялардың жылдамдығын қамтамасыз етуге бағытталған. 2025 жылға қарай оны толық іске қосу жоспарланып отыр.
2024 жылы цифрлық теңге негізгі 5 сценарий бойынша шығарылған. Бұл қаражат тек белгілі бір мақсаттарға жұмсалатындай етіп бағдарламаланған. Осының арқасында мемлекеттік қаражатты пайдалану неғұрлым ашық болады.
Мәселен – «Ұлттық қор» сценарийі. Ол бойынша Ұлттық қордан «Достық-Мойынты» темір жол құрылысы мен «Талықорған-Үшарал» газ құбырына бөлінген қаржы бақыланады. «Достық-Мойынты» темір жол құрылысына 164 млрд теңге бөлінсе, газ құбыры жобасына 74 млрд теңге қарастырылған.