Қазақстан 2024 жылы уран өндірісін 10% арттырды
Қазақстан 2024 жылы уран өндірісін 10% арттырды. Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіптің» өндірістік есебінде жазылған.
2023 жылы бұл көрсеткіш 21 112 тонна болса, 2024 жылы елімізде 23 270 тонна уран өндірілді. Алайда былтыр сатылған уран көлемі 8%- ға азайып, 16,6 мың тоннаны құраған.
Былтыр компания өндірген уранның 1 фунты нарықта орта есеппен 55 доллардан сатылды. Бір жылда уран бағасы 27% қымбаттаған.
Компанияның 2025 жылға арналған өндірістік жоспарына сай, 25-26 500 тонна уран өндіруді жоспарлап отыр. Нарыққа 17-18500 тонна уран шығарылмақ.
«Қазатомөнеркәсіп» табиғи уранды ядролық отынға қайта өңдеудегі аралық өнім – уран оксиді концентратын ұзақмерзімді келісімшарттар бойынша және спот-нарықта шағын көлемде сатады. Компания Қазақстандағы уранды өз бетінше де, бірлескен кәсіпорындар арқылы да өндіреді.
Ұлттық атом компаниясының акцияларының 75%-на «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры иелік етеді.
Бұған дейін «Қазатомөнеркәсіп» алдағы 10 жылға арналған даму стратегиясын бекіткен.