Оңтүстік Корея президентіне «бүлік шығарды» деген айып тағылды
Биліктен шеттетіліп, қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елде әскери жағдай енгізу арқылы «бүлік» шығарды» деген айып тағылып отыр. Бұл туралы елдегі Yonhap агенттігі жазды.
26 қаңтар күні прокурорлар президентке ресми айып тағып, сот отырысы басталғанға дейін 6 ай бойы қамауда қалдыру туралы шешім шығарған.
«Президент елдің бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хён және басқа азаматтармен 2024 жылдың 3 желтоқсанында қарулы қақтығыс белгілері болмаса да, елде заңсыз әскериі режим енгізу арқылы бүлік шығарды», – деп айыптады прокурорлар.
Юн Сок Ёл «әскери режимге қарсы дауыс береді» деген күдікпен әскер жіберген. Сондай-ақ, оппозицияның негізгі өкілдері мен сайлауды бақылайтын ұлттық сайлау комиссиясының қызметкерлерін тұтқындауға ниетті болған деп айыпталып отыр.
Оның адвокаттары бүлік шығарды деген айыпты жоққа шығарып отыр. Олардың айтуынша, әскери жағдай жариялау бүлікке жатпайды.
Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанда Кореяда әскери жағдай жариялағанып, осы шешімнен кейін президент қызметтен шеттетіліп, прокурорлар үстінен іс қозғаған. Бірнеше рет прокурорлардың тергеуіне қатысудан бас тартқан президент 2025 жылы 15 қаңтарда өз еркімен құқық қорғау органдарына беріліп, қамауға алынған.