Қазақстан халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде Жапония мен Түркияны басып озды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде Жапония мен Түркияны басып озды
Қазақстан халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде Жапония мен Түркияны басып озды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік рейтингінде 35-орынға тұрақтап, Жапония мен Түркияны басып озды. Бұл туралы Швейцариядағы Халықаралық менеджментті дамыту институтының сайтында жазылған.

Рейтингке жалпы 67 ел енген. Орталық Азия елдері қатарынан тізімге тек Қазақстан енген. Еліміздің бәсекелестік қабілеті 66 балға тең болған. Былтырғымен салыстырғанда 2 сатыға жоғарылаған. Бизнестің дамуы жағынан алға жылжып 28-орынға көтерілсе, инфраструктура жағынан төмендеп 49-орынға түсіп қалған.

Үздіктер қатарында өзгеріссіз Сингапур (100 балл), Швейцария (97,5 балл) мен Дания (97,1 балл) тұр. Ал, мәселен, Жапония (38-орында, 65 балл), Италия (42-орында, 61,4 балл) Түркия (53-орында, 52,4 балл) Қазақстаннан кейін қалған.

Кеңес Одағы құрамында болған елдердің ішінде тізімге тек төрт ел енді: Литва (30-орында, 69,9 балл), Эстония (33-орында, 68,2 балл), Қазақстан және Латвия (45-орында, 59,1 балл).

Штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан Халықаралық менеджментті дамыту институты елдердің экономикалық әлеуетін зерттейді. Жыл сайынғы бәсекелестікке қабілеттілік рейтингін мемлекеттердің инфраструктурасы, бизнестің дамуы, шетелдік инвесторларды сынды көрсеткіштерді бағалап жария етіп отырады.

Айта кетейік, Global FirePower-2025 халықаралық рейтингінде Қазақстан әскері 57-орынға тұрақтаған.

Сондай-ақ оқыңыз