Қазақстанға турист болып көбіне ер адамдар келеді

Жарияланды 27 Қаңтар 2025 14:50

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Қазақстанға турист болып көбіне ер адамдар келеді
Қазақстанға турист болып көбіне ер адамдар келеді / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанға келетін туристердің басым бөлігі ер азаматтар екен. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы хабарлады.

Компания іске қосқан «eQonaq» жүйесінің деректеріне сәйкес,  туристердің қатарында ер адамдардың жалпы үлесі – 70,5%. Компания елге келетін шетелдік туристерді жас ерекшелігімен саралаған.

«2024 жылғы мәліметтерге сүйенсек, елімізге келген ең белсенді саяхатшылардың жасы – 35-39 аралығында. Екінші орында 30-34 жас аралығындағы келушілер, ал үшінші орынды 40-44 жастағы шетелдік туристер иеленді», – делінген хабарламада.

2024 жылы елімізге 30-44 жас аралығындағы 653 мыңнан астам турист, 25-29 жас аралығындағы 174 мың турист, 45-49 жас аралығындағы 156 мыңнан астам турист  келген.

Бұдан бөлек, елге келетін іскерлік мақсаттағы туристер саны да артқан. 2024 жылы елімізге 150 мыңға жуық шетелдік іскер азамат қонаққа келген.

Айта кетейік, қытайлық Tongcheng Travel жетекші онлайн-туристік агенттігі Қазақстанда 2025 жылдағы ең қолайлы бағыт деп таныған.

Сондай-ақ оқыңыз