Александр Лукашенко 7-ші рет Беларусь президенті болып сайланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Александр Лукашенко 7-ші рет Беларусь Президенті болып сайланды / Фото: shutterstock

Беларусь Республикасының Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметтеріне сәйкес, Александр Лукашенко кезекті президенттік сайлауда 86,82% дауыс жинады. Бұл туралы ОСК төрағасы Игорь Карпенко мәлімдеді.

Сайлауда Лукашенконың өзге қарсыластарының арасында ең көп дауыс жинаған Сергей Сыранков небәрі 3,21% дауыс жинаса, басқа үміткерлердің көрсеткіштері 1,74%-дан 3,21%-ға дейінгі аралықта болды. Жалпы сайлауға қатысу белсенділігі 85,7% құрады.

Мерзімінен бұрын дауыс беру 21-25 қаңтар аралығында өтті, бұл кезеңде сайлаушылар тізіміне енген азаматтардың 41,81%-ы өз дауыстарын берді.

Беларусь президенті сайлауының соңғы қорытынды нәтижелері 3 ақпанда жарияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Еуропаны зерттеу орталығының сарапшысы Роза Тұрарбекова Беларусьтің Ресейге тым тәуелділігі оның егемендігін жоғалтып алуына дейін әкелуі мүмкін екенін болжаған болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз