Дәрігерлерге қол көтергендерге жазаны күшейту нормасы Қылмыстық кодекске енгізілуі мүмкін

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Фото: kursiv.media архивінен

2025 жылы дәрігерлерге қол көтеру және олардың денсаулығына қауіп төндіру бойынша жазаны күшейту нормасы Қазақстанның Қылмыстық кодексіне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл бастамаға Бас прокуратура қолдау білдіріп, қазіргі таңда ол ішкі мемлекеттік келісімнен өтіп жатыр.

«Парламент депутаттарының қолдауымен, олар бізбен бірге бұл норманы талқылап, толықтай мақұлдады. Менің ойымша, осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерінің қызмет барысында денсаулығына қауіп төндірген азаматтарға қылмыстық жауапкершілікті күшейту бойынша арнайы бап енгіземіз,» – деді Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында.

Министрдің мәліметінше, бұл қылмыс үшін айыппұлдан бастап, бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар қарастырылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанайда қайтыс болған науқастың туыстары жедел жәрдем қызметкерін аяусыз соққыға жыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз