Әйелдерге күйеуінің тегін алу харам ба? ҚМДБ пәтуа шығарды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әйелдерге күйеуінің тегін алу харам ба? ҚМДБ пәтуа шығарды / фото: shutterstock

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚMДБ) шариғат және пәтуа бөлімі әйелдердің тұрмысқа шыққаннан кейін, тегін ауыстыру мәселесіне қатысты түсініктеме берді.

Шариғат бойынша, әр адам өзінің әкесінің атымен аталуы тиіс. Бұл туралы Құранда:

«Қабылданған балаларды әкелерінің атымен атаңдар – бұл Алланың алдында әділірек» (Ахзаб сүресі, 5-аят), – деп жазылған.

Тегін ауыстыру міндетті емес

Ал тегін өзгерту мәселесіне келсек, ҚМДБ оны рұқсат етілген (жаиз), бірақ міндетті емес деп түсіндіреді. Әйел өзінің әкесінен қалған тегін сақтап қала алады немесе күйеуінің фамилиясына ауыстыруға шешім қабылдай алады. Бұл әр әйелдің жеке таңдауы.

Ең бастысы – ер адамдар әйелдерін фамилия ауыстыруға мәжбүрлемеуі тиіс. Бұл шариғатқа сәйкес орынсыз әрекет болып саналады.

ҚМДБ өкілдері ер адамдарға әйелдердің жеке құқықтарын сыйлау қажеттігін ерекше атап өтті. Әйелдің фамилиясын ауыстыру – тек ерікті түрде қабылданатын шешім.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМДБ квадроберлерсурет салу және интернеттегі булинг туралы бірнеше пәтуа шығарғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз