Калифорния штаты АҚШ құрамынан шығу үшін қол жинап жатыр
Калифорния штаты АҚШ-тың құрамынан шығуы мүмкін. Калифорнияның Мемлекеттік хатшысы Ширли Вебер Calexit бастамасын мақұлдаған.
New York Post жазуынша, қол жинау басталып кеткен. Calexit – Brexit деп аталған Ұлыбританияның Еуроодақтан бөліну үрдісіне ұқсас етіп алынған атау. Бұл шара қабылданса, 2028 жылы дауыс беруге шығарылып, сайлаушыларға «Калифорния Құрама Штаттардың құрамынан шығып, еркін және тәуелсіз ел болуы керек пе?» деген сауал қойылады.
22 шілдеге дейін сайлау кезінде тіркелген сайлаушылардың кем дегенде 50%-ы қатысып, жоқ дегенде 55%-ы (500 000 мың адам) қолдап дауыс беруі қажет.
Бұлай болған жағдайда, «Америка Құрама Штаттарына сенімсіздік вотумына» әкеп соғады. «Калифорния халқының ерік білдіруінен» бұл штат тәуелсіз елге айналуы ықтимал.
BBC-дің хабарлауынша, Калифорния және АҚШ-тың басқа штаттары арасындағы қарама-қайшылық 2019 жылға дейін Калифорния штатын кішкентай штаттарға бөлу және АҚШ құрамынан шығу туралы алты мәрте бастама көтерілген.
Мұның алдында АҚШ-тың 18 демократиялық штатынан құралған коалиция мигранттардың балаларын азаматтық алу құқығынан айырғаны үшін президент Дональд Трампқа қарсы сотқа жүгінгені туралы жазғанбыз.