Молдова саясаткерлері Ресей елшісін елден қууға шақырды – Мәскеу наразылық білдірді
Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Молдова елшісі Лилиан Дарийді шақыртты. Оған Молдова саясаткерлерінің Ресей елшісін елден қуып, ресейлік елшілік қызметіне шектеу туралы мәлімдемесі түрткі болған.
«Молдованың саяси партияларының бірі жақында Кишиневтегі Ресейдің елшісіне қарата негізсіз айып тағып, оны елден қууға және ресейлік елшілік қызметіне шектеу қоюға шақырды. Бұған орай, Молдова дипломатиялық миссиясының басшысына кесімді наразылық білдірілді», – делінген Ресейдің СІМ-нің хабарламасында.
Мәскеу Молдованың ресми тұлғаларынан жария түрде терістеме беруді талап етіп отыр. Дипломатиялық қарым-қатынас туралы Веналық конвенция міндеттемесін алға тартқан.
«Молдова Республикасының елшісіне молдова тарапының Кишиневтегі Ресей елшілігінің құпия нотасын жариялауына байланысты наразылық білдірілді. Бұл нота газ жеткізілімі мәселесі бойынша Молдова СІМ-нің нотасына жауап болатын», – деп хабарлады Ресей СІМ-і.
Мәскеу бұл жайтты «молдовалық дипломатияға деген сенімді бұзатын қатық қадам» ретінде қарастыратынын айтқан.