Ұлттық компания 10 млрд теңгенің алма бағын аукционға шығарды
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын агрофирма Алматы облысындағы алма бақтарын сатылымға шығарды. Лот e-kazyna сайтында жарияланған.
Аукционға шығарылған алма бағының құны 10 млрд теңге деп бағаланып отыр. Ол «NurAgro» ЖШС-ға тиесілі. «NurAgro» ЖШС-ның құрылтайшысы – толығымен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы.
Алма бағымен бірге Mitsubishi Pajero, ауылшаруашылық техникалары және көкөніс сақтайтын қоймалар сатылады. Алма бағының жалпы аумағы – 1 460 га. Аукцион 28 қаңтардан басталады.
2022 жылы ұлттық компания алма бақтары консорциумы үшін инвестор іздеген еді.
Бұған дейін депутат Бақытжан Базарбек ауыл шаруашылығы министрлігіне сауал жолдап, «Алматыдағы алма бағының 70%-нан айырылдық» деген.
Кейінірек Kursiv. Мedia тілшісі Алматыдағы алма бақтарының жағдайын шолып шықты, оны мына жерден оқуға болады.