Қашағаннан алғашқы мұнай партиясы Баку портына жіберілді
Қашаған мұнайын тиеген «Taraz» танкері Ақтау портынан Бакуге шықты деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» ҰК баспасөз қызметі.
Әзербайжанға барған қара алтын ары қарай Баку-Тбилиси-Джейхан (БТД) құбыр жүйесі арқылы Жерорта теңізіне дейін жеткізілуі керек. Мұнайдың экспортына «ҚМГ Қашаған Б.В» компаниясы жауапты.
«Бұл қадам Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамытуға ықпал етеді», – деп жазады компанияның баспасөз қызметі.
2022 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжанның SOCAR компаниясы арасында қазақстандық мұнай тасымалы туралы келісімге қол қойылған.
Ал 2024 жылы «ҚазМұнайГаз» бен SOCAR арасында мұнай транзитін кезең-кезеңмен ұлғайту туралы келісім жасалды. Жаңа құжатқа сәйкес, Әзірбайжан арқылы тасымалданатын мұнай көлемін 1,5 есе артып, 180 мың тоннаға дейін жетуі керек.