Мүфтият мәйіт донорлығына рұқсат беру мәселесін халықаралық тәжірибеге сүйеніп зерттемекші

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазіргі кезде Қазақстанда 4 113 адам ішкі ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мәйіттік донорлыққа рұқсат беру мәселесін халықаралық тәжірибеге сүйеніп зерттеп көрмекші. Мүфтият  Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп осы жұмысты қолға алмақ. Бұл жайлы министр Ақмарал Әлназарова айтты.

Министр ішкі ағзаны ауыстыру бойынша кезекте 4 мыңнан астам қазақстандық тұрғанын айтады. Алайда донорлық органды күтпей бақилық болып жатқан науқастар саны да артқан.

 «Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам қазақстандық трансплантация  кезегінде тұр. Оның 70%-дан астамы мүгедек трансплантациясына байланысты. Жылына 300-ден астам  азаматтар тиісті органын күтпей қайтыс болып  жатыр. Осының барлығын талқылау үшін Бас мүфтимен осы мәселені талқыладық. Ол кісілер өз тараптарынан қосымша  халықаралық тәжірибені  зерттеп көреміз деген ұсыныстарын айтты»,деді министр Мәжіліс кулуарында.

Десе де осыған дейін мүфтият донорлықты қолдайтын пәтуа шығара бастады. Ғұламалар кеңесі дің жасушалар донарлығына – адамның сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын (ГДЖ) науқасқа транспланттау процесіне қатысты үкім шығарып, қолдау білдірген.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері трансплантация бағдарламасы бойынша 2 800 донорлық органды ауыстыру отасы жасалған. Оның 84%-ы, яғни 2 353 отаға тірі донордың мүшесі алынған. Қаза болған адамдардың органынан алынып, 447 ота  жасалған. Бұл – жалпы жасалған отаның 16%-ы. Тарқатып айтсақ, 2 078 бүйрек, 451 бауыр, 98 жүрек, 22 өкпе, 2 ұйқы безі, 59 қасаң қабақ алмастырылған.

Қазіргі кезде Қазақстанда 4 113 адам ішкі ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр. Оның 95-і – балалар. 3 672 адам бүйрегін, 184 адам бауырын және 138 адам жүрегін ауыстырмақ.

Сондай-ақ оқыңыз