Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатының алдын ала қорытындысы жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Қара жәшіктер бетон конструкцияға соғылардан 4 минут бұрын деректерді жазуды тоқтатқан / Фото: коллаж kursiv.media архиві

Оңтүстік Кореяның көлік министрлігі  Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағының апатын тергеу бойынша алдын ала есепті жариялады.

Ведомство алдын ала нәтижелер Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO), сондай-ақ АҚШ, Франция және Таиландтың авиациялық органдарына ұсынылатынын хабарлады.

Алдын ала тергеу нәтижелері көрсеткендей, ұшақтың екі «қара жәшігі» де 2024 жылғы 29 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 08:58-де деректерді жазуды тоқтатқан. Осыдан 4 минут 7 секунд өткен соң, ұшақ қатты қону кезінде антеннамен жабдықталған навигациялық жүйенің бетон конструкциясына соғылған. Министрлік қара жәшіктердің толық талдауына бірнеше ай қажет болатынын атап өтті.

Ұшақтың қозғалтқыштарына құстар соғылған

Есепке сәйкес, ұшақ экипажы әуежай диспетчерлерімен байланысқа шыққаннан соң, үш минут өткенде әуежай маңында құстардың бар екені туралы ескерту алған. Осыдан кейін пилоттар құстарды байқап, шамамен 40 секундтан соң қара жәшіктердің жұмысы тоқтаған. Жазба тоқтаған сәтте ұшақтың екі қозғалтқышы шамамен 298 км/сағ жылдамдықпен және 151 метр биіктікте Усан әуежайының 01 ұшу-қону жолағына қонуға дайындалады. Экипаж екінші айналым процедурасын орындап, бортта төтенше жағдай болғанын хабарлап, құстармен қақтығысын мәлімдеген.

Қайта ұшуға әрекет сәтсіз аяқталды

Қара жәшіктердегі жазба тоқтағаннан 6 секунд өткен соң, ұшақ пилоттары «MAYDAY» дабылын беріп, биікке көтеріліп, қайта ұшуға әрекет жасайды. Пилоттар оңға бұрылып, ұшақты ұшып-қону жолағының қарама-қарсы бағытымен, яғни 19-жолаққа қондыруға тырысқан. Тергеушілер қону бағыты тура болғанын, ауытқулар болмағанын және қонатын сәтте Муана әуежайында шығыстан соққан екпінді жел болғанын анықтады. Министрлік ұшақтың екінші айналым кезінде қандай биіктік пен жылдамдықта болғанын нақтыламады.

Тергеу барысында мамандар құстардың қауырсындары мен қалдықтарын анықтап, олардың Шығыс Азияда кездесетін чирок-клоктун (үйрек түрі) екені болжанды. Бұл құстардың салмағы әдетте 400-600 грамм шамасында болады.

7C2216 рейсінің командирі 45 жаста болған, оның жалпы ұшу уақыты 6823 сағатты құраған, оның ішінде 6096 сағатты Boeing 737 ұшағында өткізген. Екінші пилоттың жасы 35-те, оның ұшу тәжірибесі 1650 сағатты құраған, оның ішінде 1339 сағаты Boeing 737-де.

«Толық талдау мен тексеру үшін бірнеше ай қажет болады», – деп хабарлады министрлік.

Тергеушілерге апаттың бірнеше аспектісін түсіндіру, соның ішінде қарама-қарсы бағытқа қондыру туралы шешімді негіздеу, ұшақ қалдықтарын мұқият зерттеп, қанатшалар мен шассидің ашылмау себептерін анықтауы қажет. ICAO 12 ай ішінде толық есеп беруді талап етті.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда Муан әуежайында Бангкок-Сеулге ұшып келген Jeju Air авиакомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып, қоршаумен соқтығысып, жарылыс болды. Борттағы 179 жолаушы қайтыс болып, 2 бортсерік аман қалған

Сондай-ақ оқыңыз