Авто

Бектенов: Қазақстанда құрастырылатын көлік бөлшектерінің 50%-ы өз елімізде жасалады

KIA автомобиль
Қазақстанда жылына 160 мың автокөлік шығарылады / Фото: Татьяна Николаева

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қазақстанда құрастырылатын көлік бөлшектерінің 50%-ы елімізден өндіріледі деген уәде берді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Мысалы, автомобиль өндірушілерді локализациялау биыл 30%, ал 2027 жылы 50%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелер белгіленді. Биыл екі автомобиль өндіру зауыты, атап айтқанда Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаты жылына 160 мың автокөлікті құрайтын KIA және мультибрендті зауыттарын іске қосамыз», – деді ол.

Бектеновтің айтуынша, өткен жылы сырттан келетін тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тартқан. Ал бұл Қазақстанда зауыттарын ашқан шетелдік өндірушілер үшін тиімді болды.

«Мәселен, Петропавлдағы неміс концернінің тапсырыс көлемі екі есе өсті. Бүгінде басқа да ауылшаруашылық техникаларын өндірушілер Қазақстанда өндірістерін локализациялауды бастады», – деді премьер-министр.