Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді – Тоқаев

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Экономикамыз Ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді – Тоқаев / shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан экономикасы әлі күнге Ұлттық қордың қаржысына тәуелді болып отыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтің баяндамасын тыңдап, оны қабылдағанын айтты. Өз сөзінде президент ел экономикасының әлі күнге Ұлттық қордың қаржысына тәуелді болып отырғанын атап өтті. Дегенмен Ұлттық қордың экономиканың ажырамас бөлігі екенін де ескерте кетті.

Ол 2024 жылы Қазақстан экономикасы үшін қиындықтар болғанын ескеріп, жағымсыз факторлардың да ықпалы болғанын қосты.

«Дегенмен біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстай алдық. Нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды оң көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды. Шешім табуы қажет түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі», – деді Тоқаев.

Президент екі мәселені айрықша бөліп атады, оның бірі жоғары да аталған Ұлттық қорға тәуелділік болса, екінші кемшілік Қазақстан экономикасын әртараптандыру міндетінің толыққанды орындалмауы болды. Бұған қоса, елдегі бизнестің инвестициялық белсенділігінің төмен екенін де баса айтты және Үкіметке 2025 жылы осы олқылықтарды шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр 2024 жылды қорытындылап есеп берді.

Сондай-ақ оқыңыз