ЕуроОдақ Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
ЕуроОдақ Сирияға қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісті / Фото: shutterstock

ЕуроОдақ елдері кеңесінің отырысында Сирияға қатысты санкциялардың бір бөлігін біртіндеп жою туралы шешім қабылданды. Бұл елдің жаңа билігіне демократиялы өзгерістер енгізуге берілген карт-бланш болмақ. 

DW басылымының ақпаратына сүйенсек, Еуропалық одақ елдерінің сыртқы істер министрлері Сирияға санкциялық жеңілдіктер беруге келіскен. 27 желтоқсанда осы келісім аясында жол картасына қол қойылды. 

ЕО шектеу шараларын жеңілдету жол картасын іске асыруға дереу кірісуге келісті. Дегенмен Дамаскідегі жаңа билік репрессияны жалғастырса, келісімнің күші жойылады. Бұған қоса, одақтың Сириядағы өкілдігін қайта ашу жақын арада қарастырылатын болады.

Санкция режимін жеңілдете отырып, одақ Сирияның жаңа билігіне демократиялы қоғам құруға мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен қатар, одақ елдеріндегі сириялық босқындар еліне оралады деген үміт бар.

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро бірінші кезекте энергетика саласына, көлік саласына және қаржы институттарына санкцияларды алып тастауды ұсынған. Бұған қоса, сириялық әуе компаниялардан соның ішінде мемлекеттік Syrian Arab Airlines әуе компаниясынан санкцияларды алып тастау және мұнай эмбаргосын қайта қарау қарастырылады.

Шектеулер Сирия мемлекетінен алынғанымен, елдің бұрынғы басшысы Башар Асад пен оның жақтастарына қатысты санкциялар сақталып қалады.

7 желтоқсанда Сирия оппозициясы көтеріліс бастап, бірнеше қаланы басып алды. 8 желтоқсанда Дамаскіге басып кірген. Президент Башар Асад әскері астананы тастап кетіп, оның өзі Мәскеуге қашып, саяси баспана алды.

Сондай-ақ оқыңыз